Аралас жекпе-жектен қазақстандық Саид Агаев Александр Шлеменконың промоушенінде ресейлік боксшы Евгений Морозовқа қарсы жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Морозовпен жекпе-жек 21 шілдеде Ресейдің Омбы қаласында өтеді.

Айта кетейік, Агаев өзінің соңғы жекпе-жегін осы жылдың ақпан айында Найза промоутерлік турнирінде өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіл салмақ дәрежесінде отандасы Елжан Гасановты жеңген болатын.