Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы пуэрторикалық Эдгар Баланга (21-0, 16 КО) болуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Головкиннің аты Головкин, бірақ қазір оның жасы ұлғайды. Әйтсе де атағы бар, яғни аты сатылып жатыр. Жекпе-жек үшін ол 15 миллион доллар таба алады.

Балангамен жекпе-жек өткізу үшін Головкинге 15 миллион доллар береді! Бұл қызық жекпе-жек болар еді, бірақ кейінгі кезде ол тек ақша тауып жүр», - деді Аурелио Морено YouTube-тегі арнасында.