25 маусымда Қазақстанның алғашқы ракеткасы Александр Бублик өз мансабында алғаш рет АТР 500 турнирінде жеңіске жетті. Соңғы матчтан кейін теннисші өз әсерімен бөлісті.

Галледағы (Германия) жасыл кортта өткен жарыстың шешуші ойынында Александр Бублик өзінің байырғы жолдасы Андрей Рублевпен кездесті. Қос таныс көрермендерге керемет және жойқын теннис ойынын сыйлады. Есеп – 6:3, 3:6, 6:3, әрине ұпай басымдығы Бубликтің еншісінде.

Осылайша, Александр Бублик ресми турнирлерде Рублевпен болған жеке кездесулерде қалыс қалу бойынша ұпайын қысқартты (3:2).

Қазақстан өкілі үшін бұл - АТР турниріндегі сегізінші финалы және өз мансабында жеңіп алған екінші атағы. Алайда, бұрын ол ATP 250 турнирлерінде үздік болған, ал "бес жүздік" финалына Александр алғаш рет шықты. 2022 жылы Бублик Монпельеде (Франция) ATR 250 турнирінің чемпионы атанды. Шешуші матчта қазақстандық Александр Зверевті жеңіп кеткен еді (6:4, 6:3).

Галледағы турнирде Александрды отбасы - он айлық ұлымен бірге жұбайы да қолдауға келді. Жақын адамдары Бублик үшін үлкен қолдау болды.

Бұл жарыстарда Александр Бублик өзін байсалды ойыншы ретінде көрсетті және мұнарадағы төрешінің шешіліп қалған бауын байлап бергенінен басқа қандай да бір біртүрлі жағдайға тап болмады.