Қазақстанның бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик Испаниядағы Мальорка ATP 250 турнирінде ойнаудан бас тартты.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 72-орында тұрған испаниялық Альберт Рамос-Виньоласпен кездесуі тиіс еді.

А.Бубликтің орнына әлемнің 85-ракеткасы, франциялық Артур Риндеркнеш шақыртылды.

Жалпы жүлде қоры 915 630 АҚШ долларына бағаланған Мальорка жарысы 1 шілдеде мәресіне жетеді.

Өткен аптада А.Бубликтің Германиядағы Галле ATP 500 турнирінде жеңімпаз атанғаны белгілі. Енді ол 3 шілдеде басталатын Уимблдон жарысында бақ сынайды.