«Барыс» хоккей клубы ҚХЛ-дың 2023/2024 жылғы маусымындағы алғашқы қарсыласын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Андрей Скабелка шәкірттері ҚХЛ-дың 2023/24 жылғы маусымдағы алғашқы ойынын 2 қыркүйекте өз алаңында «Салават Юлаевқа» қарсы өткізеді.

4 қыркүйекте Астанада «Барыс» – «Сибирь» матчы өтеді, одан кейін біздің команда Новосібірге қарымта кездесуге аттанады. Кездесу 7 қыркүйекте өтеді», - делінген клубтың ресми сайтындағы хабарламада.