Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко (АТР рейтингінде 344-орын) Моденадағы (Италия) турнирдің іріктеу кезеңінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеу кезеңінің бірінші айналымында Попко бразилиялық Даниэль Дутра да Силвадан (412-орын) 4:6, 6:7 есебімен жеңілді.

Осылайша, Дмитрий Попко Моденадағы «челленджер» турнирімен ерте қоштасты. Турнирдің жүлде қоры 73 000 еуро. Жарыс жеңімпазы 9 880 еуро мен 75 рейтингтік ұпайға ие болады.