Қақпашы Роман Шефер «Арлан» хоккей клубына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы көкшетаулық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Астана хоккей мектебінің 20 жастағы түлегі өткен маусымда «Снежные Барсы» сапында бастап, 7 матчқа қатысты. Кейін «Юнисон-Москва» командасында өнер көрсетті. Жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында бақ сынады.