Астанада өтеді деп жоспарланған бокстан 2023 жылы жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты кейінге шегерілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Азия бокс конфедерациясының (ASBC) баспасөз қызметі хабарлады. Бірақ Құрлық біріншілігі неге кейінге қалғанын түсіндірген жоқ.

Айта кетейік, 2023 жылғы жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты 14-30 шілде аралығында Астанада өтуі тиіс болатын.

Чемпионаттың жастар бөлімінде 2005 және 2006 жылы туған боксшылар, ал эасөспірімдер санатында 2007 және 2008 жылы туған спортшылар бақ сынайды деп жоспарланған.