Астанада өтен Лига кеңесінде ҚКФЛ мүшелерімен Қазақстан чемпионатына қатысушылар саны талқыланды.

Алдағы маусымда қазақстандық клубтар Премьер-лигада 14 команда қалғанын қалайды. Бұған дейін командалар санын 12-ге қысқарту туралы ұсыныс болған еді.

11 шілдеде өтетін ҚКФЛ мүшелерінің жалпы жиналысында осы мәселе күн талқылауына шығады.