Ислочь командасының қазақстандық шабуылшы Денис Митрофанов Беларусь Жоғары лигасының 13-туры аясындағы «Гомельге» қарсы ойында (3:1) гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шабуылшы Денис Митрофанов Ислочтың негізгі сапында алаңға шығып, кездесудің 33-минутында гол соқты. Екінші таймның басында шабуылшы сары қағаз алды.

Жалпы, биылғы маусымда қазақстандық 12 матч өткізіп, 4 гол соқты.

13 раундтан кейін Ислочь турнир кестесінде бесінші орында тұр.