Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасының OCTAGON 46 турнирінде кештің басты кездесуі өтті, деп жазады Prosports.kz.

Жеңіл салмақ чемпионы қазақстандық Анастасия Дюжикова (6-2) түркиялық Татьяна Фирсавамен (6-2) жекпе-жек өткізіп, чемпиондық атағын қорғады.

Алғашқы екі раундта Анастасия басымырақ болды. Ал үшінші бесминуттықта қазақстандық файтер қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Бұған дейін кештің тағы бір басты жекпе-жегінде Ақтөре Батырбек (5-2) бірінші минутта өзбекстандық Шахзод Джуракуловты (6-6) жеңген болатын.

OCTAGON 47 турнирі 22 шілдеде Алматыда өтеді.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG Sports спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 46 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink