Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 50-орын) Ұлыбританияның Истборн қаласында WTA 500 санатындағы турнирге іріктеу кезеңінің бірінші айналымында кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның екінші ракеткасының қарсыласы әлемдік рейтингте 145-орында тұрған ұлыбританиялық Хизер Уотсон болды.

Бірінші сет 6-3 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды. Екінші сетте Путинцева кездесуді жалғастырудан бас тартты. Ол кезде қазақстандық теннисші 4:3 есебімен алда келе жатқан еді.