Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-де кезекті жеңілісіне ұшырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жұмағұлов Джексонвиллдегі (АҚШ) UFC on ABC 5 турнирінде америкалық Джошуа Вангпен кездесті. Жеңіл салмақтағы үш раундқа жоспарланған жекпе-жекте америкалық файтер төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Еске салайық, Жұмағұлов америкалық Нейт Мэнесспен күш сынасуы керек еді, бірақ ол жарақат алып, оның орнына бразилиялық Рафаэль Эстевам болды. Алайда ол салмақ қуа алмай, жекпе-жек өтпей қалған.

17 маусымда Жалғас Лас-Вегаста UFC on ESPN 47 турнирі аясында бразилиялық Фелипе Бунеспен кездесуді жоспарлаған, бірақ қарсыласы жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартқан. Нәтижесінде қазақстандық спортшының қарсыласы Ванг болды.

Айта кетейік, Джексонвиллдегі турнирдің басты жекпе-жегінде америкалық Джош Эмметт пен грузиялық Илия Топурия жеңіл салмақтағы күш сынасады.