Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасының OCTAGON 46 турнирінде оныншы жекпе-жек аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz .

Аралық салмақта тәжірибелі бразилиялық Клаудио Роша (17-14) ұйымның орта салмақтағы чемпионы, жеңіліп көрмеген Керім Даидовпен (7-0) кездесті.

Жекпе-жектің басында қазақстандық файтер қарсыласына ауыр соққы жасап, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Кештің басты жекпе-жегінде аса жеңіл салмақтағы чемпион қазақстандық Анастасия Дюжикова (6-2) белбеуін түркиялық Татсьяна Фирсаваға (6-2) қарсы қорғайды.

Ал негізгі жекпе-жекте танымал блогер әрі файтер Ақтөре Батырбек (5-2) өзбекстандық Шахзод Джуракуловпен (6-6) кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG Sports спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 46 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink