Алматыда өтіп жатқан аралас жекпе-жектен OCTAGON 46 турнирінің басты карды асында алғашқы жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіл салмақта қырғыз блогері әрі поп-ММА жұлдызы Эльчибек «17 кг» Абдубалиев қазақстандық «OCTAGON» сериалында басты рольде ойнаған Арнұр Қабдолдаевпен (2-0) кездесті.

Қазақстандық файтер бұл кездесуде қарсыласын төрешілер шешімімен жеңді.

Кештің басты жекпе-жегінде аса жеңіл салмақтағы чемпион қазақстандық Анастасия Дюжикова (6-2) белбеуін түркиялық Татсьяна Фирсаваға (6-2) қарсы қорғайды.

Ал негізгі жекпе-жекте танымал блогер әрі файтер Ақтөре Батырбек (5-2) өзбекстандық Шахзод Джуракуловпен (6-6) кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG Sports спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 46 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink