Алматыда өтіп жатқан аралас жекпе-жектен OCTAGON 46 турнирінде кештің үшінші жекпе-жегі аяқталды, деп жазады Prosports.kz

Орта салмақта ирандық Мазиар Эльхами Вармезиани (4-4) әзербайжандық Гундуз Набиевпен (5-3) кездесіп.

Жекпе-жек төрешілер шешімімен әзербайжандық спортшының пайдасына аяқталды.

Кештің басты жекпе-жегінде аса жеңіл салмақтағы чемпион қазақстандық Анастасия Дюжикова (6-2) белбеуін түркиялық Татсьяна Фирсаваға (6-2) қарсы қорғайды.

Ал негізгі жекпе-жекте танымал блогер әрі файтер Ақтөре Батырбек (5-2) өзбекстандық Шахзод Джуракуловпен (6-6) кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG Sports спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 46 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink