Алматыда өтіп жатқан Еуразиялық жекпе-жек лигасының OCTAGON 46 турнирі аясында әйелдер арасында кештің алғашқы жекпе-жегі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ең төменгі салмақ дәрежесінде қырғызстандық Динара Жолчубай (1-2) қазақстандық дебютант Русалина Муликовамен кездесіп, қызғыстандық файтер жеңіске жетті.

Кештің басты жекпе-жегінде аса жеңіл салмақтағы чемпион қазақстандық Анастасия Дюжикова (6-2) белбеуін түркиялық Татсьяна Фирсаваға (6-2) қарсы қорғайды.

Ал негізгі жекпе-жекте танымал блогер әрі файтер Ақтөре Батырбек (5-2) өзбекстандық Шахзод Джуракуловпен (6-6) кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG Sports спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 46 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink