Қазақстан Премьер-лигасының 14-туры аясындағы кейінге шегерілген матчында «Астана» өз алаңында ақтаулық «Каспиймен» кездесті, деп жазады Prosports.kz.

«Астана Аренада» өткен матчта алаң иелері 3:1 есебімен жеңіске жетті.

«Астана» — «Каспий» (Ақтау) 3:1 (2:0)

Голдар: Урега 19 (1:0), Аймбетов 21 (2:0), Панцулая 55 (2:1), Габышев 66 (3:1).

24 маусым, 18:00. Астана, «Астана-Арена».