Алматыда басталған аралас жекпе-жектен OCTAGON 46 турнирінде кештің алғашқы жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай ауыр салмақтағы жекпе жекте ирандық Рамин Мазахери (1-0) әзербайжандық Наби Меммедовпен (3-2) кездесіп, Мазахери жеңіске жетті.

Кештің басты жекпе-жегінде аса жеңіл салмақтағы чемпион қазақстандық Анастасия Дюжикова (6-2) белбеуін түркиялық Татсьяна Фирсаваға (6-2) қарсы қорғайды.

Ал негізгі жекпе-жекте танымал блогер әрі файтер Ақтөре Батырбек (5-2) өзбекстандық Шахзод Джуракуловпен (6-6) кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG Sports спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 46 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink