Үздік қазақстандық теннисші Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ATP-500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалда Бублик италиялық теннисші Янник Синнерді бірінші сетте 7:5 есебімен жеңді.

Ал екінші сетте 2:0 есебімен қазақстандық жеңіп тұрғанда Синнер кездесуді жалғастырудан бас тартты.

Назарларыңызға аталған кездесудің үздік сәттерінен бейнешолу ұсынамыз.