Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Илклиде (Ұлыбритания) өтіп жатқан Челленджер сериясының жұптық сынындағы финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Недовесов эквадорлық теннисші Гонсало Эскобармен бірге американдық-австралиялық Роберт Галлоуэй / Джон Патрик Смит дуэтін жеңді. Жалпы есеп 2:6, 7:5, 11:9.

Кездесу бір сағат 31 минутқа созылды. .

Айта кетейік, бұл қазақстандықтың биылғы маусымдағы бірінші трофейі.