Германиялық теннисші Александр Зверев Галледе өтіп жатқан жарыстың жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшы екі сетте Чилиден келген әлемнің 28-ракеткасы Николас Гарриді ұтты. Кездесудің есебі 7:5, 6:3. Кездесу 1 сағат 57 минутқа созылды.

Жартылай финалда Александр Зверев қазақстандық Александр Бубликпен кездеседі.