Үздік қазақстандық теннисші Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ATP-500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалда Бублик италиялық теннисші Янник Синнермен кездесіп, оны бірінші сетте 7:5 есебімен жеңді.

Айта кетейік, екінші сетте қазақстандық теннисші 2:0 есебімен басым тұрғанда Синнер кездесуді жалғастырудан бас тартты.

Матч 57 минутқа созылды.

Қазақстанның бірінші ракеткасының келесі қарсыласы Александр Зверев/Николос Гарри кездесуінің жеңімпазы болады.