Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Әдиев СЭ басылымына берген сұхбатында Ресей Премьер-Лигасының (РПЛ) клубынан ұсыныс түссе не деп жауап беретінін айтты.

- Маған Қазақстан құрамасында жұмыс істеген ұнайды. Әзірге осы орнымда қалатын секілдемін. Бапкердің әрқашан үлкен жұмысты қалайтыны түсінікті. Егер нұсқа шығып жатса, жіті ойланамыз.

Ұсыныс түссе – ойланамыз. Ал көп жағдайда мұндай сұрақтармен өзімді қинамаймын, – деп жауап берді Әдиев.