«Челси» қожайындары франциялық клубты сатып алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

RMC Sport ақпараты бойынша, бүгін «Страсбур» президенті Марк Келли DNCG компаниясына клуб акциясын сатып алу жобасын таныстырған. Келлер клуб президенті қызметінде қалу бойынша келіссөз жүргізді, сатып алушылар бұл өтінішін қабылдаған.

DNCG компаниясын англиялық «Челси» клубының қожайыны Тодд Боули басқарады. CBS Sports журналисі Бен Джейкобстың ақпараты бойынша, лондондық клубтың қожайындары «Страсбурдің» 100% акциясын сатып алған.