«Ақтөбе» мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Арман Кеңесов клубтан кетеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, бұл туралы алдағы уақытта ресми хабарланады. Ойыншыға басты үміткер - «Астана».

Айта кетейік, Кеңесов «Ақтөбе» сапында былтырғы маусымнан бері өнер көрсетіп жүр. Таяуда Сан-Мариноға қарсы кездесуде Қазақстан құрамасындағы дебютін өткізген болатын.