«Ордабасы» қақпашысы Бекхан Шайзада УЕФА Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімінің нәтижесі туралы пікірін айтты.

– Жеребе мықты команданы қарсылас жасады. Дегенмен өзіміздің жеңісімізге сенеміз! Польшаның «Легиясы» алаңда қатты ойнайтынымен танымал, бірақ біз қарсылық танытып, жеңіске жетуге деген жігерімізді көрсетуге дайынбыз. Команда мақсатқа жету үшін алаңда барын салады.

Ньонда өткен жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша «Ордабасы» Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде Польшаның «Легия» клубымен кездеседі.

Алғашқы матч 27 шілдеде Шымкентте, ал қарымта ойын 3 тамызда Варшавада өтеді.