24 маусымда қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-8) Джексонвиллдегі UFC on ABC 5 турнирінде АҚШ өкілі Джошуа Ванмен (7-1) кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жұмағұлов — Ван жекпе-жегінің тікелей трансляциясы Астана уақытымен шамамен 22:50-де басталады, оны UFC-дің ресми сайтынан көруге болады.

Айта кетейік, бұл Жалғас Жұмағұловтыңн UFC-дегі жетінші жекпе-жегі. Отандасымыз әлемдегі ең ірі промоушенде бір мәрте жеңіске жетіп, бес рет жеңілді. Ал Джошуа Ван UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізгелі отыр.

Жалғас Жұмағұлов өткен демалыста өнер көрсетуі керек еді, бірақ оның бразилиялық Фелипе Бунеспен (13-6) жекпе-жегі өтпей қалды.