Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасы ММА туралы алғашқы қазақстандық сериалдың басты кейіпкерлерінің фотосетін жариялады, деп жазады Prosports.kz

Картина тұсаукесері 2 шілдеде OCTAGON TV ютуб-арнасында өтеді.

Айта кетейік, 24 маусымда Алматыда OCTAGON 46 турнирі өтеді, кештің басты жекпе-жегінде аса жеңіл салмақтағы чемпион қазақстандық Анастасия Дюжикова (6-2) белбеуін түркиялық Татсьяна Фирсаваға (6-2) қарсы қорғайды.

Сондай-ақ, кеш аясында «OCTAGON» сериалының басты актері Арнұр Қабдолдаев, театр және кино актері Асылхан Төлепов, көпшіліктің сүйіктісі Ақтөре Батырбек, орта салмақтағы жеңіліп көрмеген чемпион Керим Даидов және басқа спортшылар өнер көрсетеді.

Алдағы ивенттің билеттерін zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG Sports спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 46 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink