Әлеуметтік желіде жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов Кевин Гастелумның шартына келісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін Гастелум қазақстандықтың жекпе-жек стилін сынап, бірақ кездесу өткізуге келіскенін айтқан.

«Өзімді Шавкат үшін стилистикалық қорқынышты түс ретінде көремін. Ол шабуылға асыққан кезде кей тұста өте ебедейсіз көрінеді, мен оны пайдаланамын. Жекпе-жек өткізетін күнді белгіледім, онымен жұдырықтасуға дайынмын », - деген еді Гастелум.

«Бұл жігіт менімен жекпе-жек өткізгісі келетін сияқты, Let’s go», - деп жауап берді Рахмонов әлеуметтік желіде.