Өзбекстандық файтер Нурсултон Рузибоевтың UFC-дегі алғашқы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бруно Феррейра (UFC 1-0) мен UFC дебютанты Нурсултон Рузибоев арасындағы жекпе-жек 1 шілдеде Лас-Вегаста өтеді», - деп жазды «Вестник ММА» Instagram парақшасы.

Айта кетейік, Рузибоев сегіз мәрте қатарынан жеңіске жетті - ол бұл жекпе-жектердің барлығын бірінші раундта мерзімінен бұрын аяқтаған. Өзбекстандық орта салмақтағы спортшы көптеген лигаларда, соның ішінде Brave CF және Open Fighting Championship турнирінде бақ сынады.