Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Берлинде өтіп жатқан теннис турнирінің ширек финалына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің екінші ракеткасы Рыбакина екінші айналымда хорватиялық Донна Векичке есе жіберді – 7:6, 3:6, 4:6.

Айта кетейік, кездесу 2 сағат 14 минутқа созылды.

Осылайша, келесі айналымда Векич ресейлік Элина Аванесянмен кездеседі.