Қостанайлық «Тобылдың» және Қазақстан құрамасының орталық қорғаушысы Александр Марочкин Еуро-2024 іріктеу турнирінің 4-ші турында Солтүстік Ирландия құрамасына қарсы өткен матчтың үздік ойыншысы деп танылды, деп хабарлайды Prosports.kz сайтына.

Марочкин матчтың барлық 90 минутында ойнап, 4 рет қарсыластан тартып алды.

Пастардың дәлдігі 83,3% пайызды құрады.

WhoScored ұпайы - 7,7.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Белфасттағы «Виндзор Парк» стадионында Солтүстік Ирландияны жеңген болатын.