Қазақстандық велошабандоз Михаил Подлужный Қазақстан Республикасы Ұлттық чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Михаил Подлужный жекелей стартта 25 шақырымды 32 минут 27 секундта бағындырып, алтыннан алқа тағынды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионаты. 2-күн Жасөспірімдер. 25 км.

Михаил Подлужный – 32:27

Владислав Башлыков +00:04

Владислав Скибин +01:29

Еске салайық, бүгін де «Астана» велошабандозы 30 шақырым қашықтықта үздік уақытты көрсетіп, Қазақстан ұлттық чемпионатының жейдесін қайтарды.