Ньонда (Швейцария) УЕФА Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық клубтардың бұл турнирдегі қарсыластары белгілі болды.

Шымкенттік «Ордабасы» іріктеу кезеңінде варшавалық «Легиямен» кездеседі.

«Торпедо» Кутаиси – «Сараево» кездесуінің жеңімпазы «Ақтөбемен» кездеседі.

Ал «Тобыл» (Қостанай) – Хонка (Финляндия) жұбының жеңімпазы швейцариялық «Базельмен» күш сынасады.

Ал «Астана» Чемпиондар лигасынан ұшып кетсе, Конференция лигасының екінші кезеңінде «Хамрун Спартанс» (Мальта) – Маккаби Хайфа (Израиль) жұбының жеңілгенімен кездеседі.