Лионель Мессидің «Интер Майами» сапындағы дебют матчына ең арзан билет құны мың доллардан асады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Матч ТВ» сайтына сілтеме жасап.

Ал премиум-билеттер 10 мың доллардан сатылып жатыр. Аргентина құрамасының капитаны америкалық клубтағы дебютін 22 шілдеге қараған түні Leagues Cup топтық турнирі аясында мексикалық «Крус Асульге» қарсы өткізеді.

Месси майамилік клубқа ауысқанға дейін билеттер 22 доллар, ал премиум-билеттер 49 доллар тұратын.