Сәрсенбіде, 21 маусымда Ньонда (Швейцария) Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтеді, оның қорытындысы бойынша «Астана» турнирдің осы кезеңіндегі өзінің ықтимал қарсыласын біледі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеребенің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16:00-де басталады және оны осы жерден көруге болады.

Еске салайық, қазақстандық клуб бірінші турда Тбилисидің «Динамосымен» ойнайды. Алғашқы ойын 11/12 шілдеде үйде, қарымта ойын 18/19 шілдеде сыртта өтеді.