«Астананың» 2023/24 жылғы Чемпиондар лигасындағы алғашқы қарсыласы Грузияның «Динамосы» (Тбилиси) болады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Transfermarkt.de «Динамоның» қазіргі құрамын 9,05 миллион еуроға бағалайды. Грузиндер арасындағы ең қымбат футболшылар – қорғаушы Джемал Табидзе мен жартылай қорғаушы Анзор Меквабишвили – олардың әрқайсысы 1 миллион еуро тұрады.

Салыстыру үшін, «Астана» ойыншыларының жалпы құны Transfermarkt мәліметі бойынша 12,73 миллион еуроны құрайды. Қазақстандық командадағы ең қымбат ойыншы шабуылшы Дембо Дарбо - ол 1,8 миллион еуроға бағаланған. Одан кейінгі орында жартылай қорғаушы Макс Эбонг – 1,2 миллион еуро.