Қазақстандық теннисші Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтіп жатқан турнирдің екінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық бірінші айналымда хорват Борна Коричті 6:3, 6:1 есебімен ұтты.

Айта кетейік, кездесу 1 сағат 9 минутқа созылды.

Екінші айналымда Бублик Я-Л.Штруфф (Германия) - Р.Сафиуллин (Ресей) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.