Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко француз Александр Мюллермен бірге Пармадағы (Италия) турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымдағы кездесуде Попко/Мюллер жұбы Р.Бонадио (Италия)/Д.Фонио (Италия) дуэтінен басым түсті - 6:4, 6:4.

Матч бір сағаттан астам уақытқа созылды.

Еске салайық, Попко жекелей сында бірінші айналымда Аргентина өкілі Андреа Коллариден 4:6, 3:6 есебімен ірі есеппен жеңілген болатын.