Бүгін Ньон қаласында (Швейцария) «Тобыл» қатысатын УЕФА Конференция лигасы-2023/2024 бірінші іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қостанайлық клубтың бірінші қарсыласы Хонка (Эспоо, Финляндия) болады.

Қазақстандық клуб алғашқы ойынын 13 шілдеде өз алаңында өткізеді. Қарымта ойын 20 шілдеде Финляндияда өтеді.