Аралас жекпе-жектен Қазақстан өкілі Ерасыл Шуқатаев (8-4) Алматыда өткен OCTAGON 46 турниріндегі қарсыласын білді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

24 маусымда өтетін жекпе-жек кеші аясында оның қарсыласы «Жылан» лақап аты бар Рустам Мамадов (4-2) болмақ.

Әзірбайжандық файтер үшін алдағы жекпе-жек оның ұйымдағы дебюті. Мамадов осыған дейінгі барлық жекпе-жегін Асед ұйымының қамқорлығымен үйде өткізген.