Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасының 2023/2024 жылғы бірінші іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астана» бірінші іріктеу кезеңінде Грузия чемпионы «Динамо Тбилисимен» ойнайды.

Командалар екі кездесу өткізеді. Екі ойынның қосындысы бойынша жеңімпаздар екінші іріктеу кезеңіне өтеді.

Алғашқы ойын 11-12 шілдеде Астанада, қарымта ойын 18-19 шілдеде Тбилисиде өтеді деп жоспарланған.