Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында 2023/2024 жылғы УЕФА Конференция лигасы бірінші іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші іріктеу кезеңінде қостанайлық «Тобыл» мына командалардың бірімен кездеседі: «Македония ГП» (Скопье, Солтүстік Македония), «Паневежис» (Паневежис, Литва), «Хонка» (Эспоо, Финляндия), «Дила» (Гори, Грузия), «Нарва Транс» (Нарва, Эстония).

Жеңімпаз екі матчта анықталады: үйде және сыртта. Жеңімпаз екінші іріктеу кезеңіне өтеді. Жеңілген клуб еурокубок маусымын аяқтайды.