Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасы Алматыдағы OCTAGON 46 турнирінің кезекті жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай жеңіл салмақта қазақстандық панчер Нұрсұлтан Қасымханов (12-4) бес жекпе-жек бойы жеңілмей келе жатқан бразилиялық Пауло Оливейрамен (14-8-1) күш сынасады.

Бразилиялық файтер соңғы бес жекпе-жегінің бәрін жергілікті промоушендерде мерзімінен бұрын жеңіп шыққан.

24 маусымда Алматыда өтетін турнирдің басты жекпе-жегінде аса жеңіл салмақтағы чемпион қазақстандық Анастасия Дюжикова (6-2) белбеуін түркиялық Татсьяна Фирсаваға (6-2) қарсы қорғайды.

Алдағы ивенттің билеттерін zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG Sports спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 46 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink