Кәсіпқой ММА-де жеңіліп көрмеген Қазақбай Тіленов (5-0) қазақстандық Сүндет Айтқұлға (4-1) қырғыздар туралы сөзінен кейін үн қатты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Сүндет тарақанға ұқсайды – ұзын әрі арық. Ондайларды құлату оңай. Ол қырғыздар туралы сөзі үшін октагонда жауап береді. Әдіс жасасам, қолын жұлып аламын!» – деді Тіленов Еуразиялық лиганың баспасөз мәслихатында.

24 маусымда Алматыда өтетін турнирдің басты жекпе-жегінде аса жеңіл салмақтағы чемпион қазақстандық Анастасия Дюжикова (6-2) белбеуін түркиялық Татсьяна Фирсаваға (6-2) қарсы қорғайды.

Алдағы ивенттің билеттерін zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG Sports спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 46 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink