Пармада 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Ирландия мен Қазақстан құрамасы кездесеті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында біздің құрама 1:0 есебімен жеңіске жетті. Белфастта өткен матчта Абат Айымбетовтің 87-ші минутта соққан жалғыз голы Қазақстан құрамасына жеңісті әперді.

Сондай-ақ ел құрамасы сынға түсетін H тобында Финляндия Сан-Мариноны 6:0 есебімен тізе бүктірсе, Словения мен Дания 1:1 есебімен тең түсті.

Енді Қазақстан құрамасы алдағы ойынын 7 қыркүйекте өз алаңында Финляндияға қарсы өткізеді.

Солтүстік Ирландия – Қазақстан – 0:1 (0:0)

Гол соққандар: Айымбетов 87'

2023 жылғы 20 маусым. Белфаст