Солтүстік Ирландия Қазақстан құрамасының Еуропа құрлығындағы 42-ші қарсыласы болады. Бүгін екі құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысы төртінші турында кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Ирландия - Қазақстан құрамасының Еуропа құрлығындағы 42-қарсыласы болмақ. Қазақстан құрамасы бұған дейін Еуропадағы 41 құрамамен күш сынасты.

Әзірге қазақстандықтар Гибралтар, Израиль, Испания, Италия, Косово, Лихтенштейн, Люксембург, Норвегия, Солтүстік Ирландия, Солтүстік Македония, Уэльс және Швейцария құрамаларымен ойнаған жоқ.

Айта кетсек, Солтүстік Ирландия - Қазақстан матчының тікелей көрсетілімі Астана уақытымен сағат 00:35-те басталады. Оны «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

Қазірге дейін ел құрамасы үш ойын өткізді.