Бүгін Малайзияда тректегі велоспорттан Азия чемпионатының соңғы күні өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстандық шабандоз Дария Қазақбай топтық іріктеу жарысында күміс жүлде жеңіп алды.

Бүгін тағы бір жасөспірім спортшымыз Вячеслав Сичкарев күміс медаль алған. Ол да топтық іріктеу жарысында сәтті өнер көрсетті.

Ал Ризван Бейсенбаев 1000 метрге жарыста екінші орын алды.

Тректегі велоспорттан Азия чемпионатында тағы бір медальді жасөспірім Вадим Белугин жеңіп алды. Жас шабандоз скретчте үздік үштікке енді.