«Вулверхэмптон» мен Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы Рубен Невеш «Әл-Хилалға» ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sky Sports сайтына сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, Сауд Арабиясының клубы ойыншыны 55 миллион еуроға сатып алуға келіскен.

Бұған дейін португалиялық ойыншыға «Барселона» қызығушылық танытып отырғаны хабарланған болатын.

26 жастағы Невеш осы маусымда «Вулверхэмптон» сапында барлық турнирлерде 41 кездесу өткізіп, алты гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Оның клубпен келісімшарты 2024 жылдың жазына дейін есептелген.